From Wikipedia, the free encyclopedia
Жюль Риме (фр. Jules Rimet; 14 қазан 1873, Жоғары Сона, Франция — 16 қазан 1956, Сюрен, Франция) — ФИФА-ның үшінші президенті ретінде әлемге танымал болған тұлға. ФИФА-ны 33 жыл үздіксіз басқарған. Бұл рекордтық көрсеткіш.
Риме сонымен бірге 1897 жылы Париждің "Ред Стар" клубын құрған, 1919-1949 жылдары Франция Футбол Федерациясын басқарған. 1873 жылы Франциядағы Жоғары Сона аймағында дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, лейтенант шенін алған. 1921 жылы ФИФА-ның президенті боп сайланды да, әлем чемпионатын ұйымдастыру ісіне бел шеше кірісті[1][2]. Рименің белсенуімен 1930 жылы Уругвайда тұңғыш әлем чемпионаты өтті.
2014 жылы түсірілген режисер Ф. Обертеннің "Олар әлемді біріктірді" фильмінде Жюль Рименің рөлін Жерар Депардье сомдады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.